06
октябрь
2026
“Тілім менің-тірлігімнің айғағы”

10.09.26ж. “Тілдер шеруі” айлығы аясында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ақындар мүшәйрасы өтті.Ана тілі – ұлттың ұлы мұрасы, халықтың рухани тірегі. Тілді құрметтеу – елді, жерді, тарихты және ұлттық құндылықтарды құрметтеу. Осы мақсатта мектебімізде 8–10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты ақындар мүшәйрасы ұйымдастырылды.
Мүшәйраның басты мақсаты – оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ тілінің қадір-қасиетін дәріптеу, жас ақындардың шығармашылық қабілетін дамыту және көркем сөзге деген қызығушылығын ояту.
Жыр додасына 8–10 сынып оқушылары белсенді қатысып, өздерінің ана тіліне арналған жүрекжарды өлеңдерін ұсынды. Әр қатысушы өз шығармасында қазақ тілінің қасиетін, оның ұлт өміріндегі маңызын, тілге деген құрмет пен мақтаныш сезімін әсерлі жеткізуге тырысты.
Жас ақындардың жырларынан туған тілге деген ыстық ықылас, елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рух айқын байқалды. Өлең жолдарында ана тілдің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан асыл мұра екені, оны сақтау мен дамыту әр азаматтың парызы екені кеңінен көрініс тапты.